Қазақстан Республикасының құрметті ректоры

Қазақстан Республикасының құрметті ректоры 21 мамырда онлайн-форматта ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ректорларының республикалық кеңесінің отырысы өтті. Кеңестің осы отырыстағы бірауыздан шешімімен ҚАЕУ Президенті, HAH PK академигі Ережеп Мәмбетқазиевке “Қазақстан Республикасының құрметті ректоры“жоғары атағы берілді. Академик Ережеп Мәмбетқазиев - ректорлық тәжірибесі 37 жылдан асатын Қазақстандағы дара көшбасшы. ҚАЕУ ұжымы және барлық ғылыми-педагогикалық жұртшылық Ережеп Әлхайырұлын кезекті құрметті атағымен құттықтайды!
Back to Top