Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық тарихында Жамбыл облысының өсіп-өркендеу жолында әйел азаматтардың орны бөлек. Қоғамдағы сан-саланың барлығында нәзік жандылардың белсенділігі жоғары. Талай жылғы еңбегінің арқасында бүгінде ел арасында сыйлы да жастарға үлгі боп жүрген жандардың бірі – Мәрзия Ибрагимова. Ол қызылша алқабында еңбек ете жүріп, өзіне тиесілі алқаптан мол өнім жинап, рекордттық көрсеткішті көрсете білген Әулиаталық батыр ана, Социалистік Еңбек Ері. Еңбекте шыңдалып өскен жан бүгінде 98 жаста. Бұл хабар таудай еңбекпен өзіне берген өмірін осылайша мәнді қыла білген Мәрзия Ибрагимова туралы.