Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті

«Арай Плаза» бизнес орталығында мемлекет басшысы Жамбылдық зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында өңірдің өсіп өркендеуі мен алдағы дамуы жөнінде кеңінен әңгіме болды. Жамбыл өңірінің дамуы бұрынғымен салыстырғанда жермен көктей деді мемлекет басшысы сөз басында. Жыл сайынғы дәстүрге сай қазір облыстарды аралап, елдің жағдайымен танысып жүрген президент өңірде өндіріс ошақтарын көбейту керектігін айтты. Өйткені, өндіріс өркендесе, экономиканың ауқымы артып, бюджетке түсетін қаржы да көбейеді. Елдің жағдайы жақсарады.
Back to Top