СҚО Полиция департаментінің кадр саясаты басқармасы хабарлайды

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында бакалавриат бағдарламалары бойынша «6В12301 - Құқық қорғау қызметі», «6В12302 - Ақпараттық технологиялар саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету», «6В06101 - Ақпараттық жүйелер» және «6В06201 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация» оқуға қабылдауды жүзеге асырады. Оқытудағы артықшылықтар: - күндізгі оқу нысаны бойынша оқу мерзімі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі; - толық оқу курсын аяқтаған әрбір түлек 100% жұмысқа орналасады; - оқуды аяқтағаннан кейін түлектерге «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы Бакалавр» біліктілігі тағайындалып, мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі, сондай-ақ «полиция лейтенанты» арнайы атағы беріледі. Ақпараттарды алу үшін келесі мекенжайлардағы полиция бөліністеріне жүгінуге болады: Петропавл қ., Алматинская к-сі, 55, № 313 кабинет, СҚО ПД Кадр саясаты басқармасы, 61-26-56, 61-26-68, 7-708-204-71-63 телефондары арқылы (WhatsApp) полиция капитаны Жандос Біржанұлы Асылбаевқа. Петропавл қ., М.Жұмабаев к-сі, 118, № 217 кабинет, Петропавл қ. ПБ кадр саясаты бөлімі, 49-32-17, 50-12-52 7-701-869-92-40 телефоны арқылы (WhatsApp) полиция подполковнигі Ерлан Елубайұлы Кәрібаевқа, сондай-ақ тұрғылықты мекенжай бойынша аудандық полиция бөлімдерінде қажетті ақпаратты алуға болады.
Back to Top