Ғұламалар кеңесі Ақтөбедегі төтенше жағдайға байланысты үндеу жариялады
Ақтөбедегі лаңкестердің ісін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы айыптайды. Бұл туралы Ғұламалар кеңесінде бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы айтты.
Ғұламалар кеңесі Ақтөбедегі оқиғаға байланысты үндеу жариялады. Онда: «Қасиетті Рамазан айы қарсаңында осындай қайғылы жағдайдың болуы өте өкінішті. Осы қантөгісте қаза тапқандардың отбасылары мен туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамыз. Сондай-ақ, бұл қанды оқиғаның асыл дініміз – Исламға ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдейміз», делінген.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
124 views
1768
816
2 years ago 00:22:28 1
Ғұлама ойшыл данышпандары қазақтың және ғұламалар кеңесі ұстаздарының рухани бейнесі
3 years ago 00:11:05 1
Ғұламалар кеңесі: Пәтуа, мәлімдеме және шешімдер
9 years ago 00:00:53 24
Ғұламалар кеңесі құрамында этил спирті бар дәрі-дәрмекті қолдануға болады деген пәтуа шығарды