қадір түні Рысханым Дәріс

Рамазанның ұлықталар мерекесі, Кеңейер кең пейілдің керегесі. Қасиетті саналар қадір түні, Мұсылманның нағыз той берекесі. Қадір түні құранды тартты сыйға, Сол түні сауабыңды мол ғып жина. Мешітке жамағатпен бірге асық, Ойыңды нәпсілерден алшақ тыйда. Қолды жайып сұрағың керегіңді, Болсыншы тек ойыңыз терең ізгі. Жалбарынып сұрасаң жаратқаннан, Құлақ асып тыңдайды мына сізді. Періштелер түседі көктен жерге, Намазға жығыл сенде көппен бірге. Төрінен орын алар жәннәт бақтың, Сіз шығар пайғамбарын күткен пенде. Бұндай күн туылмайды сізге күнде, Бұл күні ашуланба ойнап күлме. Қабыл болар тілеген тілегіңіз, Мың айдан да қадірлі болған түнде.
Back to Top