Ақмола облысының Қажымұқан ауылында өткен шарада елордалық бүлдіршін автокөлікті жалғыз өзі 20 метр қашықтыққа сүйреп, рекорд орнатты
Фейсбукте 6 жасар баланың көлік сүйреп жатқан сәті түсірілген видео тарады. Оны желі қолданушысы Әмір Махмет өз парақшасында жариялаған. Видеоның астында жазылғандай, шара “Денсаулық күніне“ орай қазақтың біртуар балуаны Қажымұқан Мұнайтпасовтың туған жерінде өткен.