Қазір қоғамда үлгерімі төмен, тәртіпсіз оқушы үшін ұстазды кінәлайды. Тіпті, шәкірті төпелеп ұрып жатса да, болысудың орнына, мұғалімнің педагогтық біліктілігі жоқ дейді. Осындай сындар көп айтылатын ұстаз бейнесі - қазіргі таңда білім беру саласындағы ең жағымсыз кейіпкерге айналып бара жатқандай. Кәсіби мереке алдында, ұстаздардың ғалым да, шахтер да бас иетін қадір-қасиеті қалды ма - тілші анықтап көрді.