Сынақ келсе, сынып кетпей сәл мұңға
Күнә тауып, кінә тақпа тағдырға
Кей кездері жоқ болғаның жөн шығар
Қадіріне жету үшін бардың да
Байлық бақыт бермейді деп ешкімге
Мен түгілі айтқаны бар Ханның да
Еңсең түсіп кетпеу керек, бастысы
Теңгең түсіп, көтерілер әр жылда
Тапшылықтың тап келуі заңдылық
Жақын тұрған жақсылықтың алдында
Кемпірқосақ көру үшін алдымен,
Шыдау керек сіркіреген жаңбырға!
Басқа келген қиындықтың бүкілін
Басқа адамнан көріп, көзін шұқыдың.
Еркін адам болғаннан соң “еркінсіп“,