Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған «Жусан-2» гуманитарлық операциясына еліміздің Сыртқы істер министрлігі өкілдері мен күштік құрылымдар қатысты..Операция нәтижеснде елге 231 отандасымыз оралды. Олардың 59-ы – әйел, 156-сы – өрімдей бала. Іштерінде жаңа туған сәбилер де бар. Елге қайтарылған балалардың 18-і – жетім. Оларға тиісінше күтім жасалып жатыр. Елге оралғандарды тамақ пен киім-кешекпен қамтамасыз етті. Дәрі-дәрмек пен балалардың ойыншығына дейін әзірлеп қойған. Жат қолынан босағандар қаладағы оңалту орталығына жеткізілді.