«Жасыл ел» идеясы 10 жылда 48 миллион түп көшет отырғызды

Осыдан он жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жасыл ел» идеясын ұсынған болатын. Содан бері қазақтың кеңбайтақ даласында 48 миллион түп көшет отырғызылып, мыңдаған гектар жерлер жайқалып шыға келді. Көк желектің қажеттілігін ел де анық түсінді. Мысалы, қазір елорда тізілген талдардан белдік тағынса, тіпті қурай қылтиуы күмән туғызған Қызылорда маңы қылқан жапырақты ағаштарды да жерсіндіріп үлгерді.
Back to Top