Латын ліпбиін олдаймыз!!!

Семей көп салалы коллежінде «Латын әліпбиіне көшу – ұрпағымыздың жарқын болашағы» тақырыбында колледж оқытушылары қатысқан дөңгелек үстел болып өтті. Латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің қолайлылығы мен ықшамдылығы, тиімділігі мен пайдасы, көшу кезеңдері туралы мағлұматтар беріліп, тарихи шешімнің маңыздылығы мен салмағы туралы ойлар ортаға салынды. Дүниежүзі халқының басым бөлігі қолданатын латын әліпбиіне көшу озық инновациялар мен технологияларға біртабан жақындаудың белгісі, ұлттық құндылықтарымызды әлемге танытудың үлкен мүмкіндігі екендігін әрқайсымыз тереңінен түсініп, еліміздің ертеңіне кіршіксіз сенім арттық. Жарық жылдамдығындай дамыған технология заманындағы бұл ғылым-техника тілінің еліміздің көсегесін көгертер өркениетті шешім екені анық.
Back to Top