А. Маргулан

Біз КАРЛАГ МҰРАЖАЙЫ КИНОДА айдарын жалғастырамыз. 2024 жылы академик, археолог, тарихшы Әлкей Хақанұлы Марғұланның 120 жылдығы атап өтіледі. “Qazaqstan“ телеарнасы қазақтың көрнекті ғалымы Әлкей Марғұланның өмірі мен қызметіне арналған төрт эпизодты “Әлкей. Ғұлама ғұмыр “ атты тарихи фильмін шығарды. Телехикая режиссеры – Жасұлан Пошанов. Сценарий авторлары – Берікболат Сабыржанов және Данияр Күмісбаев. Фильмнің түсірілімі Алматы және Қарағанды облыстарында өтті. Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі фильмнің көптеген түсірілім алаңдарының біріне айналды.
Back to Top