31 желтоқсан, 01:15-те «Сол бір кеш...» бағдарламасының жаңа жылдық шығарылымын көріңіздер!

«Сол бір кеш...» «Хабар» арнасының жаңа маусымда өз көрермендеріне ұсынған тың жобасы. Бағдарламаның әр шығарылымы қазақтың ән өнеріне еңбек сіңірген бір тұлғаның шығармашылығына арналады. Музыкалық бағдарламада әнші, композиторлардың әндері айтылып қана қоймай, олар туралы естеліктер айтылады. Көрермен өнер адамдарының өмірі мен шығармашылығына қатысты беймәлім сырларды олардың туыстарынан, өнертанушылар мен әріптестерінен білетін болады.
Back to Top