RAIM & AL’ NASR, DIDI, TARLAN / ТАҢ (Prod. DD beats) / жаңа трек, 1Апта 1Трек / 2021

🌅 DD, Al’Nasr, Тарлан feat. RaiM - «TAN» #ЖаңаТрек@kzsoundoff: Қазақ рэпінің аңыздарынан құралған Alty Alash тобы қайтадан назарда! Дәлірек айтқанда Оралдық DD, Алматылық Al’Nasr және Атыраулық Тарлан, жастардың сүйікті орындаушысы RaiM-мен бірлесіп, жарыққа «TAN» атты жаңа трек шығарыпты. Тағы да мағыналы мәтін, шайқайтын бит, орынды техника, байлайтын қайырма және әдемі байланыс! DD ұйымдастырған «Бір аптада бір трек» жобасының мәресі осы трекпен аяқталып отыр. Әр орындаушы трекке өзіндік із қалдырып кетті десек қателеспейміз. Тыңдап, бағасын берейік!
Back to Top