Ұстаздар мәртебесі туралы заң қаралды

“Ұстаз мәртебесін“ депутаттар бірінші оқылымда қарады. Заң қабылданса, биліктің қол баласына айналған мұғалімді сайлауда заңсыз жүгіртетіндер, газетке күштеп жаздыртатындар, сенбілік пен әншінің концертіне билет сатып алуға мәжбүрлейтіндер, қысқасы, артық жұмысқа жеккендер, 300 мың теңге айыппұл төлейді. Алдағы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы екі есе көтеріліп, ал олардың балалары балабақшаға бірінші кезекте орналасады. Бұл қолға алынғалы жатқан шаралардың бір парасы ғана. Жұмысы көп, сөйте тұра жалақысы аз педагогтарға қатысы тағы нендей жаңалық бар. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top