Дау туызан жобалар

Астаналықтар, “жемқорлықтың ескерткіші“ деп атау берген, Атышулы “ЛРТ“ жобасының құрылысына қатысқан Қытайлық жұмысшылар да өз елдерінде заң алдында жауап беріп жатыр. Тіпті, кейбірі сотталып та үлгеріпті. Бұл жайлы Қасым-Жомарт Тоқаев неміс телеарнасына берген сұхбатында айтты. Сондай-ақ, сақалды нысанды салу кезінде біраз қаржы жымқырған шенеуніктер де іздестіріліп жатыр екен. Ал, онымен қоса алдағы уақытта Алматыдағы қыруар қаржы бөлініп, соңында бір кірпіші қаланбаған “Көкжайлау“ курортының құрылысын жүргізгендердің де ісі жіті тексерілетін болады. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top