Тәуелсіздік күні тағы да Жаңа жылдың тасасында қалды

Тәуелсіздік күні тағы да мансұқталуда. Желтоқсан айы басталысымен жылдағыдай еліміздегі ірі мегаполистер жаңа жылдық дайындыққа қызу кірісіп кетті. Алматылықтар Аяз ата мен ақшақарлардың шеруін ұйымдастырып мәз-мейрам болса, елордалықтар басқаны айтпағанда, егемендіктің символы саналатын «Қазақ елі» монументінің қасында шырша орнатып әлек. Сонда Жаңа жыл Тәуелсіздіктен қымбат болғаны ма? Жылда қайталанатын олқылықтың жыры қашан бітеді? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top