QR коды бар ҚҰРАН – Қазақстандағы алғашқы басылым

Сүйінші, құрметті мұсылман қауым! Қасиетті Рамазан айының қарсаңында елімізде алғаш рет Құран Кәрім басылып шықты. Бұл Құран кітап Мәдина басылымына негізделе отырып дайындалды. Оқуға қолайлы болуы үшін, қарапайым шрифт таңдалды. Кітаптың басты ерекшелігі – аяттардың арабша мәтіні мен қазақша аудармасын тыңдауға мүмкіндік беретін QR-код қызметі қолданылды. Смартфонға Play Market-тен немесе Apple Store-дан кез келген QR-код reader программасын жүктеп алып, өзіңіз қалаған беттегі аяттың арабша-қазақша мәтінін тыңдауыңызға болады. Сол арқылы Құранды түсініп оқып, тәжуидіңізді пысықтап аласыз. «Құран кәрімнен бір әріп оқығанға да сауап бар. Әрбір сауап он есе болып жазылады» деген Пайғамбар сүйіншісін ескере отырып, әрдайым Құранмен бірге мол сауапқа кенеліңіз. Құран кітабына тапсырыс беру үшін төмендегі ұялы телефонға хабарласыңыз. 87072318765 Бұл Құран «SAMGA» баспасынан жарық көрді.
Back to Top