«Әлем» БЖШО - «Қауіпсіз жаз»

1 маусымда «Әлем» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында Теміртау қ. Төтенше жағдай басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған Халықаралық Балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Қауіпсіз жаз» асфальтте сурет салу байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінің «Жас Ұлан» ұйымы мүшелері қатысты. Байқау қортындысы бойынша І орынды «№11 ЖББМ» КММ оқушысы Глухова Полина жетекшісі Арещенко Ирина Евгеньевна, ІІ орынды «№24 ЖББМ» КММ оқушысы Коцуба Вероника, Голушко Полина, ІІІ орынды «№8 ЖББМ» КММ оқушысы Жакеева Адина, Толыбекова Асель иеленді. Қатысушыларға мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталды. Байқауға Теміртау қ. маслихатының депутаты Сиверский Владимир Анатольевич және ерікті, «Mini Mark» жеке киім брендінің негізін қалаушы Марк Наталья демеушілік жасады. #ҚРБҒМ #МОНРК #РУМЦДОМОНРК #RUMCDOMONRK #қосымшабілімберу #дополнительноеобразование #RUMCDOBIZBIRGEMIZ #UIDEBOL #қашықтықтаноқыту #дистанционноеобучение #Штаттықрежім #ӘлемБЖШО #штатныйрежим #ЦДЮТƏлем #Дарындыбалалар #талантливыедети #Кәсібипеда
Back to Top