Өгей дүние, өгей жұрт, өгей бәрі
Өгей қала өгейсіз тонайды әлі
Өзін сатып біреулер өзеуреп жүр
Сары орыстың кездігі сорайғалы
Өгей дүние өгей жұрт өгей бәрі
Шуақ қашты кеудемнен ымырт түнде
Ойларымның оты жоқ күңгүрт мүлде
Жеркепеде жатырмын үн шығармай
Тым ұзарып кеткені-ай үміттің де
Ел есінде өтірік, қан былығы
Жасырып тұр тек оны жаңбыр үні
Тышқан түрткен түнектің түкпірінен
Естіледі кісеннің жаңғырығы
Жаутаңдайды жетімдер қадамы нық
Шалажансар жүрегі жараланып
Арсалаңдап барады қара төбет
Қан-қан болған жарасын жалап алып
Күлбіреген өмір ай зар құсалы
Қаракөзім у жұтып зәр құсады
Сілекейі шұбырған ит немелер
Бірін бірі табалап аңдысады
Бізге енді жетпей тұр ерік, сана
Жүрегімнің түбіне еніп қара
Отанымды құтқарса құтқарады
Сен жасаған сол ұлы ерлік қана
Жанымда буырқанған қаным барда
Тайсалмастан түсемін жалындарға
Сен қадаған көк туды тік көтеріп
Қарсы тұрам алапат дауылдарға
Сөйтіп мәңгі шығарам тауымды алға!
Өмір бақи үзілмес үзеңгі үміт
Үзеңгі үміт көліңде жүзем тіліп
Отандасым ызғардан ақшам жаққан
33 views
0
0
1 week ago 02:38:50 28
Аллажар (1996) драма. Режиссер Қалдыбай Әбенов. 16 желтоқсан 1986 жыл