Орталық Америкадағы Гондурас елінде Нейси Перес есімді 16 жасар келіншек көрде жатып көмек сұраған. Бұл туралы The telegraph ақпарат агенттігі хабарлады.
Туған-туыстары, ата-анасы өлдіге санап, жерлеп қойған марқұм жер қойнына берілгесін бір күннен кейін көрде жатып, өзіне көмек сұраған. Жанұшырған дауысты бейітке жақын жерде жүрген күйеуі Руди Гонсалес естіп қалады.
Осыдан кейін туған-туыыстары Нейси Пересті қайта қазып алған. Осы сәттер көрсетілген видео жан түршіктіреді. Түсірушілер оны әлеуметтік желіге салған.
Мәнбеге сүйенсек, Нейси Перес жуырда тұрмысқа шыққан екен, осы кезде екіқабат болғанына үш болыпты. Келіншек «қайтыс болдыға» саналатын күні олар тұратын ауданда атыс орын алыпты. Сонда атылған оқтың дауысынан шошынған ол есінен танып қалған. Оның аузынан ақ көбік ағып жатқанын көрген ата-анасы қызының бойына «жын-шайтан» кіріп кетті деп ойлап, шіркеу қызметкерін көмекке шақырады. Бірақ үш сағаттан кейін дәрігерлер Нейси Перестің жүрегі тоқтағанын айтады. Қайғы жұтқан отбасы жуырда ғана тұрмысқа
1,017 view
1571
511
5 years ago 00:01:22 21
Жерленген соң бейітте жатып көмек сұраған келіншек.