«Роскосмостың» Yuotube-тегі видеоарнасында Жердің жойылып кету версиясы көрсетілген видеоролик пайда болды. Бұл туралы «Росбалт» хабарлады.
Ресей ғалымдарының болжамы бойынша, біздің планета мұндай жағдайға 4 млрд. жылдан кейін тап келеді. Оқымыстылар шамамен осыншама уақыт шеңберінде Құс жолының Андромеда галактикасымен соқтығысуы күмәнсіз екенін есептеп шығарған. Нәтижесінде олардың екеуінің ортасынан жаңа галактика түзіліп шығады.
Айта кетуіміз керек, Құс жолы мен Андромеда галактикасының бір-бірлерінен қазіргі ара қашықтықтары 2,5 млрд. жарық жылға тең болып тұр. Алайда, астрономдар олардың бір-бірлеріне қарай жылжып келе жатқандарын баяғыда анықтап қойған.
Видеода олардың соқтығысу процесі көрсетілген. Онда бірқатар жұлдыздардың қуатты гравитациялық екпіннің әсерінен галактика аралық кеңістікке лақтырылып кететіні де айтылады. Ал галактиканың ядросы миллиондаған жылдардың бойы бір-бірлерін айналып жүріп, ақыр соңында тұтас бір құрылым болып ұйысады.
20 views
642
180
1 month ago 00:08:11 2
Hamster Kombat $1000 доллар қалай АҚША шығарамыз? Kaspi gold шешу