Beybit Korgan - Shock Kyzdar

Şoq qızdаr (Шоқ қыздар) Жанары оттай жанып, жүрегімді шоқтай қарып, Сұлуларды көргенімде, жаным тағат таппай қалып, На-на-ней. Жүректің әсем әніндей. Еліккен бірден мені, гүл майысып жүргендері, Қоңыраудай сылдыр қағып, еркелікпен күлгендері, На-на-ней. Ал, бикештер оттай болып, Қол тигізбес шоқтай болып, жанады-ей. Байланам көздеріне оның, жарқылдаған жаздың жанын-ай, Алатаудың аппақ қарындай, ай-ай-ай. Айналдым ақ жүзінен оның, жадыратқан жастық шағындай, Ақжайықтың атқан таңындай, ай-ай-ай. Сырларын білгізбеген, біз құлпырған гүлміз деген, Жігіттерге арман болып, қол жеткізбей жүрміз деген, На-на-ней. Жарасқан жанның сәніндей. Көңілдің ырғақты әні, қандай тәтті тіл қатқаны, Тылсым сыры бұл өмірдің, шешілмеген жұмбақтары, На на ней. Ал, бикештер оттай болып, Қол тигізбес шоқтай болып, жанады-ей.
Back to Top