«QYZDAR ÝNIVERSITETI TV»: Отан қорғаушылар күні

#Qyzdar_Ýnıversıteti_TV ? #KAZ Құрметті әріптестер! 7 мамыр – шебі бүтін, шекарасы берік қасиетті Қазақ жерін қорғайтын Қарулы Күштеріміздің құрылған күні. Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл дата – батыр бабалардың даңқты жолы мен Отанға адал қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мейрам. Бұл мереке – керегесі биік, іргесі мығым мемлекет құру жолындағы әскеріміздің айбынын асырып, сарбаздарымыз мен сардарларымыздың мерейін тасытатын күн. Бұл мейрам – Отанды қадірлейтін, оның төл тарихын құрметтейтін, қазақ армиясының атағын асқақтатқан нағыз ерлердің мерекесі. Біз бүгін ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен яки елді қорғау жолында от пен оқтың арасынан өткен жауынгерлердің рухының алдында тағзым етіп, басымызды иеміз. ℹ #QÝ_баспасөз_орталығы
Back to Top