Кок тудын желбирегени

Көктудың желбірегені - Қазақтың асқақ беделі. Махаббат, қайрат екеулеп, шымырлатқаны денені. Көктудың желбірегені - жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан мен ту жан емес, маған керегі- Көктудың желбірегені. Көктудың желбірегені- елдіктің асқақ өлеңі, әр жаққа тартпай, Қазағым, бір сөзге жинал дегені. Көктудың желбірегені - бақыттың елжірегені, қиырда қалған Қазақтың Азат отанға жете алмай көзінің мөлдірегені.
Back to Top