Казашки Динара и Анара
голос
Ойлап тұрсам, сұм дүние шолақ екен-ай!
Бір-біріне-ей, адамдар қонақ екен-ай!
Арман-ай, өтеді дүние-ай жалған-ай!
Оралыңның барында-ай ойна да, күл-ай!
Сен іздедім, беу, дүние-ай, таба алмадым-ай.
Арман-ай, өтеді дүние-ай, жалған-ай!
Қырмызыдай құлпырған қайран жастық-ай!
Қара жерге қар жаумай-ақ солады екен-ай!
Арман-ай, өтеді дүние, жалған-ай!
Қудым сені-ай, дүние, жалықпай-ақ-ау
Ұстатпадың-ай судағы балықтай-ақ-ай!
Арман-ай, өтеді-ай дүние-ай жалған-ай!