Атамекен

Басқа атауы: Земля отцов Жылы: 1966 Елі: Қазақстан, КСРО Жанры: драма Соғыс біткен соң, немересін жетектеген қарт солтүстікке қарай жол тартады. Мақсаты Ленинградттың түбіне жақын бір жерде жерленген майдангер ұлының денесін туған жеріне, туған даласына әкеліп жерлеу. Ата салттан аттай алмаған ақсақал, ұзақ та ауыр жолға шығады. Баласының моласына жеткен ақсақал оның, соңғы демі шыққанда жанында болған майдангерлерімен бірге жерленгенін көреді. Сұрапыл соғыстың қанды даласын бірге кешіп өтіп, майданның отты даласында асыл жандарын бірге берген жандардың моласын қозғауға батылы бармаған ақсақал, туған ауылына кері қайтады.
Back to Top