Қарашаңырақ

Фильмдегі Серік пен Берік есімді егіз жігіттер бір-бірінен бала күні айырылып, екі бөлек ортада өскен жандар. Екеуі де екі түрлі. Серік Чехия елінде білім алған, таршылық пен қиындықты көрмеген, ал Берік болса, шалғайдағы ауылда, өмірді көрген жеткіншек. Анасының бұйрығымен Серік Алматыға оқуға түсуге келген Берікті күтіп алып, барлығы бір пәтерде тұрады. Көп жылды артқа тастап кездескен ағайындылар аяқтарын шалыс басып, қылмыстық ортамен байланыса жаздайды. Ал олардың аналары, ауқатты әйел Жаннаны бәзбіреулер алып кетіп, кепіл-тұтқындыққа алады. Жаннаны аман алып қалу үшін Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің полковнигі іске кіріседі. Комитет қызметкерлерінің сәтті іс-әрекетінен кейін Жанна аман-есен ұлдарына оралып, оларға бар шындықты айтуға бел буады. 90 жылдардың басында ауыл қызы Жанна Алматыға оқуға түсу үшін келеді. Алып қалада ол алғашқы махаббаты Оспанды жолықтырады. Алайда, Оспан ата-анасы олардың қарым-қатынасына қарсылық білдіріп, ұлдарын ауқатты әулеттің қызына үйлендіреді. Ал сүйгенінен аяғы ауырлаға
Back to Top