Басқа атауы: Кочевники / Nomad
Қазақ халқының ХVIII ғасырдағы мемлекет ретінде қалыптаса бастаған кезеңін баяндайтын бұл тарихи фильм шынайы болған оқиғаға негізделген. Фильмнің бас кейіпкерлері Қазақ жерін жоңғар шапқыншыларынан азат ету жолында күллі қазақтың басын біріктіріп, ел болып, мемлекет құруға шақырған қазақтың ұлы хандары Абылай мен Әбілхайыр, үш ьжүздің басын біріктіру жолында аз тер төкпеген дана Төле би және қазақты қан қақсатқан жоңғар ханы Қалдан Серен.
Фильм желісі бала Мансұрдың қазақтың ұлы ханы Абылайға дейінгі өмір жолы мен, бастан кешкен оқиғасын баяндайды. басынан қанша қиындық өтсе сол бала Сабалақ ешқашан дамшылық жолынан таймаған, тұла бойы тек еліне, жеріне деген сүйіспеншілік пен ұлтжандылыққа толы болған. Оған қоса фильмде Мансұрдың сүйген қызы Гаухардың да хикаясын баяндайды.