Қазіргі нарықтық заманда несиеге барлығын алуға болады. Тек уақытылы қарыз мөлшерін төлеп тұрса игі. Ал материалдық құндылықтармен қатар, несиеге махаббат алу мүмкін бе?! Бұл сұраққа жауапты фильмнің бас кейіпкері іздейді. Сүйікті жары болатын жанды табу мен қыздардың назарын аудару мақсатында ол анасы екеуі тұратын пәтерді кепілдікке қойып, қомақты көлемде несие алады. Қымбат автокөлік сатып алып, ойын-сауық кештерінде сымбатты қыздармен уақыт өткізеді. Қарызға алған ақшасы таусылып, қалтасы тесілген кезде, ол өз әрекетінің дұрыс емес екендігін түсінеді. Бақыт пен махаббатты ақшаға теңестірген ол жанындағы жанның ықыласын сезбейді. Қарыз уақыты аяқталар сәтте, бас кейіпкер өзінің әрекетіне көз жүгіртіп, ақылға тоқтап, қарызын қайтаруға әрекет жасайды. Осы кезде оған көмекке сырттай ғашық болып жүрген суретші қыз келеді. Фильм кейіпкерлері әдеттегі оқиғалардағы сияқты бақытты ғұмыр кешеді.
Комедиялық жанрда түсірілген кино басқа әзіл кинолар сияқты емес. Күлкілі болғанменен, фильм қазіргі қоғамдағы несие рөлі