Бұл фильмде Қожа деген баланың басынан өткен қызықты оқиғалары баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да адам болуға тырысады. Бұл шығармада Қожаның балалық махаббаты да үлкен роль ойнайды. Ол сыныбындағы Жанар деген қызға ғашық болады. Оған арнап Абай атасының өлеңдеріне еліктеп, өлең шығарады. Жанарды әрдайым көргісі келіп тұрады. Бірақ Қожаны сыныптас достары әрдайым мазақ етіп «Қара Қожа», «Қара көже» деп келемеждейді. Қожа өзінен бір-екі жас үлкен Сұлтан деген досының айтқанынан шықпайды. Сұлтан мектептегі оқуын тастап бос сенделіп жүрген бала. Осы Сұлтан досының айтқанын істеймін деп, көңіліне қарап анасын да, мектептегі апайларын да бірнеше рет ренжітеді. Соңында мектеп директоры, анасын шақыртып Қожаның тәртібін қарайды. Анасы Қожаға қатты ренжіп сөйлеспей қояды. Қожа болашақта бұзықтығын тастайтынын, үлгілі оқушы болатынын айтып, анасынан кешірім сұрайды. Оқиға барысы бала тіліне жаттық, көркем суреттелген.
1963 жылы “Қазақфильм“ студиясы “Менің атым Қожа“ кітабы бойынша жазылған
киносценарийді экранға
637 views
1877
733
2 days ago 00:00:44 1
2оқушы бір күнде өмірден өтті
Ата-Анасына туған туыстарына шын ниетпен көңіл айтамыз!
Жандарың жәннәттің төрінде болсын !