Екі қыз, үш ұл тәрбиелеп отырған ана кенже баласымен ауылда тұрады. Үлкен балалары жеке отау құрып, өз күндерін көру үшін қалаға көшіп кеткен.Үлкен ұлы Қанат отбасылы. Әйелі Рәзия екі баласымен пәтер жалдап тұрады. Жұмысынан алатын айлығы пәтерақысы мен күнделікті май-шайдан арттылмайды.Қызы Майра екі баласымен бірге аядай ғана жатақхана бөлмесінде тұрады. Күйеуімен айырылысқалы бері ол бірнеше мекемеде жұмыс істеуге мәжбүр.Екінші ұлы Жәнібек күн көрістің қамымен Алматыдағы сауда базарында өзгенің арбасын жалға алып, жүк тасушы болып істейді. Күнделікті тапқан-таянғаны пәтерақысынан артылмайды.Кенже қызы Нұрила бір ауылға келін болып түскелі бері кішкентайымен үй шаруасында. Қатал ененің қас-қабағына қарап, күйеуінің соққысына көніп жүрген жан. Балаларының басын біріктіру мақсатында ол кіші ұлын үйлендірмек болады. Тойға қаражат жинау үшін қарт ана кенже ұлымен бірге әр баласының үйіне барады. Бірақ та, әр баласы анасы мен бауырын әрқалай қарсы алады. Төрт түрлі оқиға, төрт түрлі жағдайға қарамастан, фильм үл