Сұлу бойжеткен

СҰЛУ БОЙЖЕТКЕН Рөлдерде: Қайрат Нұртас, Айдана Меденова, Тұрсынбек Қабатов, Жеңіс Сейдоллаұлы, Жанар Айжанова, Айгүл Иманбаева, Айдар Кәрімбаев, Арсен Дәулетов... Мюзикл атағы Кеңес одағына танымал болған “Дос- Мұқасан“ эстрадалық тобының 45 жылдық мерейтойына арнайы түсірілген. Мюзиклде топ мүшелері де қатысады және өздерінің ең танымал деген әндерін орындайды. Мюзикл желісіне баршамызға белгілі “Күлбике“ ертегісінің қазақша, қазіргі заманға лайықталып, біраз өзгретілген интерпритациясы алынған. Яғни фильм желісі бойынша, ауылдан келген қарапайым жігіт, қаладағы ағасы мен қатыгез жеңгесінің қол астында жұмыс жасайды.Жас жігіттің бар арманы “Дос- Мұқасанның“ концертін көру. Бұған осы жолда көмектесетін құтқарушы періштесі болады. Басынан неше түрлі қызықтарды кешірген бас кейіпкер, сүйікті тобының концертіне қатысып қана қоймай, өзінің өмірлік махаббаты, бай олигархтың қызын да кездестіреді. Концертте бір рет жолыққан ол, кейіннен қызды жоғалтып алады, арада біраз уақыт өткен соң, қызды іздеп табады...
Back to Top