Архив - ткенді баалау, болашаа кзарас атты крме

Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивіндегі мемлекеттік сақтауға алынған құжаттардан топтастырылған «Архив – өткенді бағалау және болашаққа көзқарас» тақырыбында құжаттық көрме ұйымдастырды. Бұл көрмеге бірнеше қордан алынған латын әлипбиімен толтырылған іс жүргізу қағаздары (үлгілер), қаулылар, жеке құжаттар оның ішінде: Мұхтар Әуезов, теолог ғалым Халифа Алтайдың қолдары қойылған сыйжазба кітаптар, куәліктер, аттестаттар, мақтау қағаздары, әскери, комсомолдық билеттер, еңбек кітапшасы, баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар топтамасы енгізілген.
Back to Top