Ислами ренессанс #1: Әл-Хорезми - Алгебраның атасы || Сандар қалай пайда болған?
✅ САНДАР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛҒАН?
Алғашқы сандардың жазылу үлгісі олардың бұрыштарына байланысты болған. Бірдің 1 бұрышы, екінің 2 бұрышы, үштің 3 бұрышы, төрттің 4 бұрышына сәйкес таңбаланған. Кейіннен төрт санының оң жақтағы бұрышы сол жақтағы бұрышына жалғану арқылы бүгінгі таңдағы үлгісінің қалыптасуына әкелді.
Әуел баста бес саны жұмылған жұдырықтың пішініне ұқсас шеңбермен таңбаланған. Ал қолымызда сәйкесінше бес саусақ бар. Бестен кейінгі сандарға өту үшін көрінбейтін сызық сызылған. Яғни шеңбер сызықтың астында болса 5 саны, үстінде болса 10 саны болады. Сонымен 6, 7 санын таңбалау үшін шеңбердің үстіне бұрыш сызылған. Яғни бұл қосуды білдірген (5 1=6 // 5 2=7). Ал 8, 9 саны сызықтың үстінде орналасып, бұрыштары шеңбердің астына сызылған. Яғни бұл алуды білдірген (10-1=9 // 10-2=8).
Уақыт өте көрінбейтін сызық сандардың ажырағысыз бөлігіне айналды. 7-нің үстіндегі сызық оның шатыры секілді қоса жазыла бастады. Ал сегіздің астындағы бұрыштары шеңберге айналып жазуға ыңғайлы болды. Осылайша бүгінгі қолданыстағы сандардың алғашқы үлгісі пайда болды. Он саны астындағы сызықшасымен бірге төңкеріліп бүгінгі нұсқасына ауысты.
Бұл сандарды кім ойлап тапқанын білесіз бе? Ол - әл-Хорезми!
Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (783-850 ж.ж) — Орта Азиялық математик, астроном, географ және тарихшы болған ұлы мұсылман ғалымдарының бірі. Ол қазіргі Өзбекстандағы Хорезм облысының Хива қаласында туылған және алғашқы білімін Мәуеренахр мен Хорезмде алған. Ал Бағдатқа білікті ғалым ретінде барған.
Оның алгебра және күнтізбе жайында трактаттары бар. Мұхаммед әйгілі «Әл-Жәбр уәл-Мұқабала» немесе «Қалпына келтіру және қарсы қою туралы кітап» атты кітабында сызықты және квадратты теңдеулерді шешуге арналған формулаларды жазған. Cол кітаптың атауындағы “әл-Жәбр“ сөзінен “алгебра” термині шыққан. Оның алгебра бойынша трактатында геометрия, тригонометриялық кестелер және қалалардың ені мен ұзындығы жайында тараулар бар.
Әл-Хорезми еңбектері арифметиканың дамуына өте маңызды рөл атқарды. Оның есімі латын тілінде Algorismus/Algorithmus деп аталған және одан алгоритм термині қалыптасқан. Яғни оның есімі Ортағасырлық Еуропада бүкіл ондық арифметика жүйесін білдіретін болған. Сондай-ақ, өзі ойлап тапқан кестелер мен теңдеулердің шешімін табу үшін, сандардың таңбалануын ойлап тапқан. Кейіннен ол түрлене келіп, бүгінгі таңда бүкіл әлем қолданатын сандар жүйесі қалыптасты.
19 ғасырдың соңында мәселені рет-ретімен шешуді білдіретін қадамдық ережелерді алгоритм деп атай бастады. 20 ғасырдың басында британдық математик Алан Тюринг алгоритмдік нұсқаулықтарға сүйене отырып машиналық құрылғыға қиын математикалық тапсырмаларды шешуді үйретті. Осылайша компьютерлерің дәуірі басталды. Бүгінде біз білетін барлық заманауи құрылғылар алгоритм негізінде жұмыс жасайды. Сол себепті мұның іргетасын қалаған Әл-Хорезмиге рақмет айтайық!
КІЛТСӨЗДЕР: Аль-Хорезми, Алгебра, Алгоритм, Математика, Ислам, Наука. #АльХорезми #ҚұранМұғжизалары #ИсламиРенессанс
1 view
452
111
3 months ago 02:45:58 1
Исламский мир в XII-XVI веках. От катастрофы к возрождению и расцвету.