Медресе құрылысы❗

Қазалы ауданында Медресе құрылысы басталды. Осындай имандылық қабырғасынан білім алған жастар қазіргі көптеген проблемаларды шешетін болады. Кем дегенде сондай проблемаларға ұрынбай, бойларын жанмандықтан аулақ ұстайтын болады. Медресе біздің ұрпағымыздың иманды, адал болып өсуіне жол салады. Кредит, ішімдік, ажырасу, ырың-жырың тойлар, рия үшін жасалатын ысыраптар, тастанды балалар, сәбилер, зорлық-зомбылық проблемалары бар. Осылардың шешімі, солардан алыстатын жол ол - біздің Дініміз. Имандылығымыз. Әрбір адам өз баласының имандылық шырағын қолына алып, еліне нұрын шашқанын армандайды. Ендеше сол мүмкіндік бүгін біздің маңдайымызға жазылды. Осы Медресенің құрылсына ат-салысып, болысып, күш салайық. Алланың бізге беріп тұрған керемет мүмкіндігі! Одан қалыс қалмау керек. Мұның сауабы сансыз. Оның қабырғасынан білім алған әрбір адамның жасаған жақсылықтары бізге сауап болмай ма?! Жұмаққа жақындауға шақырамыз. Медресе бір адамның жүгі емес. Бұл елдің жүгі. Қол ұшын созайық ағайын. _________________
Back to Top