Ибраһим пайғамбар түс көреді. Кейбір деректерде бұл күннің Зилхижжа, яғни қажылық айының сегізінші күні екендігі айтылады. Түсінде өз баласы Исмайылды Аллаһ тағала жолында құрбандыққа шалып жатқанын көрді. Әлгі түсін ертеңіне қажылық айының тоғызыншы (арапа) күні тағы да көреді. Оныншы күні (құрбан айт) күні үшінші рет көреді. Сосын бұл түстің жай ғана түс емес, Хақ тағаланың әмірі екендігін айқын аңғарады. Аллаһ тағала Ибраһим пайғамбарды ауыр сынаққа салған еді. Бір пайғамбардың баласын құрбан етіп шалуы, әлбетте, оңай емес. Сондықтан Хақ тағала оған түсінде үш рет аян беріп, ауыр сынаққа бойын әсте-әсте үйретеді. Источник:
Сонда Алла дұғасын қабыл алып, Жәбрейл, Микаил және Исрафилді жіберді. Сонымен, періштелер Садум еліне аса сымбатты жігіттер кейпінде келеді. Ауылға кіріп келе жатқанда су әкеле жатқан Луттың қыздары көрді де, адамдардың қылмыс жасауынан қорқып, олардың аялдай тұруын өтінді. Мән жайды әкесіне жеткізді. Сонда Лут: «Сіздерге не керек бұл ауылдан»,-деді. Олар: Қонақпыз,-деді. Сөйтіп оларға: «Жүріңдер»,- деді де жол бойы оларға: «Алламен ант етемін бұндай азғын қоғам көрген жоқпын»,-деумен болды. Луттың үйіне келген де кәпір әйелі жұртқа: «Луттың үйінде өмірде көрмеген көркем жігіттер келді»,-деді. Олар асығып жетіп, есікті қақты. Құранда олардың: «Қаланың халқы қуанысып жетті»,-деген. Арсыздықтары осыншалықты дәрежеде еді! Олар нәпсілеріне еріп, есікті бұзып, кірмекші болды. Қонақтарының жайбарақат отырғанын көріп: «Сендер біз секілді адамдардын емессіңдер»,- деді.
1 view
1617
455
11 months ago 00:07:51 1
ПАЙҒАМБАРДЫҢ (ﷺ) ДЕНЕСІН ЖУЫНДЫРҒАН САХАБАЛАР | ӨТЕ ӘСЕРЛІ УАҒЫЗ | ТІЛЕКҚАБЫЛ АМАНГЕЛДІ