Video by Religia Balkhash

Ақпараттық-түсіндіру тобы «Горкомхоз-2012» ЖШС, «Аэропорт», «Қалалық телекоммуникация торабы» ұжымдарымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты дін сауалдары туралы халық сауаттылығының деңгейін арттыру. Кездесуде халқымыздың біртуар перзенттерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлының сөзін мысал ретінде: «Қазіргі заман – өткен заманның баласы, болашақ заманның атасы» деп орталық психологі айтып кетті. Сонымен қатар ұжымдармен «Саңырау телефон», «Өз клубынды таңда» атты тренингтер өткізілді. Ортақ Отанымыз – Қазақстан халқының бірлігі мен татулығы, діни келісімге негізделген жалпыға ортақ құндылықтары – болашақ заман үшін үлгі-өнеге және өсиет. Сонымен қатар теологиялық және психологиялық сұрақтарыңызға жауап алар болсаңыз, еліміз бойынша қауырт желі «114» және орталығымыздың 6-69-40 телефондарына хабарласуыңызға болады.
Back to Top