«Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің концерті | Әуенді Сарыарқа

2021 жылдың 22 қазаны күні XXII «Әуенді Сарыарқа» Халықаралық фестивалінің аясында өткен «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің концертінде Тәжікстаннан келген өнерпаз, Тәжікстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Хайролла Дадобаев өнер көрсетті. Сонымен қатар, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жеке орынаушылары, халықаралық конкурс лауреаттары: Ержан Базарбеков, Дәуренбек Аркенов, Дулат Аханов, Арман Айнабаев, Гүлмира Тапай, Елжас Каримов, Әнуар Адамбаев, Рысты Рахымжан да халыққа танымал шығармаларды орындады. Бағдарламада «Сарыарқа», «Гүлдерайым», «Ақсәулем», «Қарақат көз қалқаш-ай», «Алқоңыр», «Аққулар» әндері шырқалып, «Телқара», «Ғасырлар тоғысында», «Көне Тараз күмбірі», «Бабалар мекені - Алтай» сынды күйлер күмбірледі. Концертке келген көрермен үлкен қошымет көрсетті. Ансамбілдің көркемдік жетекшісі Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Байғара Садуақасов. _________________________________________ 2 октября 2021 года в рамках XXII Международного фестиваля «Музыкальная Сарыарка»
Back to Top