Тоқаев коронавирусқа қатысты алаңдаушылық білдірді

Сауд Арабиясы коронавирустың таралуына байланысты 7 мемлекетке электронды туристік визаны беруді уақытша тоқтатты. Оның ішінде біздің еліміз де бар. Бұл қара тізімге коронавирустың жағдайы әлі тіркелмеген Қазақстанның неліктен кіріп кеткені белгісіз. Сондықтан, елдегі мұсылман қауымы жыл бойы жалғасатын умра, яғни кіші қажылыққа уақытша бара алмайды. Ал, қауіпті індетті жұқтырғандар көрші Қырғызстан мен Беларуссияда тіркелді. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Үкіметке азаматтарды қорғау үшін бірқатар тапсырма берді. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top