Өмір ай! Автор: Ершат Қайболдин, оқыған: Қуат Ахметжанов
Арланып, намыстанып, айбарланғам,
Не таптым тоқал үйге байланғаннан?!
Өмір-ай, жоқшылықтан жалықтым мен,
Байлар да жалықса ғой бай болғаннан.
—
Жалғыз-ақ шапаным бар, жыртық ол да…
Жыртығымды жамасам құлпырам ба?
Тиын-тебендерімнен теңге құрап,
Қағаз ақша ұстайтын күн туар ма?!
—
Өмір-ай, сені бір сәт жақтырайын,
Бере салсаң қайтеді бақты дайын?!
Құрығанда басыма бөрік берші,
Қуанғанда аспанға лақтырайын.
—
Өмір, сипамасаң да кекілімнен,
Аулақпын күпір сөйлеп, лепіруден.
Байлардай алшаң басып жүре берем,
Қарызға сатып алған етігіммен.
—
Өмір-ай, менің сенде жұмысым не?
Керек емес алтын да, күмісің де.
Бай болмаған жақсы қой, ұйқым тыныш,
Ұрылар түспейді үйге түн ішінде…
—
6,207 views
683
217
2 weeks ago 00:03:16 1
Теплопанель - өндірістік алаңдарды 52% дейінгі үнемділікпен жылытатын жүйе