ПОСЛЕДНИЙ ЗВОНОК 2016 (полная версия)

Атырау қаласының химия-биология бағытындағы НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ салтанатты түрде оқу жылының жабылу рәсімі өтті. Сыңғырлаған соңғы қоңырау алтын ұяда білім нәрімен сусындатқан тағы бір оқу жылының артта қалғанын сезіндірді. Өз тарихында екінші рет бір топ түлектерін үлкен өмірге қанаттандырған Атыраудағы Елбасы мектебі бұл оқу жылын толайым табыспен тәмамдап отыр. Биыл мектеп халықаралық аккредитациялаудың екінші кезеңіне өтсе, міне бүгін тағы да 12-сыныптың 182 оқушысын жас түлек атандырды.
Back to Top