«ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЙ ВЫПУСКНИК-2021». ЦЕРЕМОНИЯ ЗАВЕРШЕНИЯ 2020-2021 УЧЕБНОГО ГОДА

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2020-2021 оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау рәсімі телевизиялық бағдарлама форматында өтеді. Covid-19 вирустық инфекциясының таралуына байланысты орын алған пандемия жағдайын ескере отырып биылғы жылы 112 мектеп түлегі үшін соңғы қоңырау қашықтықта соғылатын болды. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау арқылы бірқатар қойылымдар алдын-ала және әр жерде түсірілді. 🔔 Оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты шара 25 мамыр, сағат 09:00-де Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің YouTUBE арнасында мектеп қауымдастығына ұсынылмақ.
Back to Top