Жаңалықтар

Мұхтар Әблязов ұрлаған миллиардтардың бір бөлігі - жұрттың зейнетақыға деп жиған ақшасы! Қашқын банкир мен оның сыбайластарына қатысты тергеуді аяқтаған Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро осындай мәлімет таратты. Жалпы, 8 жылға жуық уақыт жүрген тергеу барысында қылмыстық іс 2 мың 224 томға арқау болған. Әблязовтың өзі былтыр француз түрмесінен босап шығып, қазір сол елде тұрып жатқанын айта кетейік. Шығыс Қазақстанда апатқа ұшыраған тікқұшақтың иесі Қайрат Тұрлыхановтың жұбайы! SA-341 әуе көлігі сенбі күні құлаған болатын. Үржардан ұшып шыққан жеңіл тікұшақпен біршама уақыттан кейін байланыс үзіліп, қалдықтары тек ертеңінде Аягөзден 60 шақырым жерде табылды. Ұшқышы сол жерде қаза тапса, тағы бір жолаушысы ауруханаға жеткізілген. Павлодарда былтыр жарылыс болып, үш жұмысшысысы өлген мұнай-химия зауытының басшылары сотталды. Кәсіпорынның полипропилен қоймасындағы апатқа кінәлі деп танылған қос азаматтың бостандығы үш жылға дейін шектелсе, біреуі енді үш жылын қоныс колониясында өтеуі тиіс. Бірақ соттың бұл шешім
Back to Top