МҰҒАЛЖАР ТУҒАН БАЙТАҒЫМ ФЛЕШМОБЫ
Ағайынды Жұбановтар көшесінің бойында “Туған жерім - нұрлы елім“ акциясы аясында “Мəңгі өшпес есімдері“ атты көше мерекесі ұйымдастырылды.
Мерекеге қатысқан облыс əкімі Бердібек Сапарбаев ақтөбеліктерді акция аясында бірнеше шаралардың ұйымдастырылғанын айта келе, Ағайынды Жұбановтар Мұғалжар ауданының мақтаныштары екенін жеткізді. Бұдан кейін аудан басшысы Ербол Жеткергенұлы осы көшенің тұрғындарын бірнеше номанациямен жəне 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтармен марапаттады.
Көше мерекесінде спорттық сайыстар, лоторея ойындары, қол өнер шеберлерінің кластары, балаларға арналған цирк,сонымен қатар жастар ресурстық орталығының “Мұғалжарым туған байтағым“ атты флешмобы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Сондай-ақ Ағайынды Жұбановтар көшесінің бойында киіз үй тігіліп, тұрғындарға тегін дастархан жайылды. Мереке ауданның көркемөнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
#zhasmugalzhar #ЖасМугалжар