Қазақстандағы интернет оқушыларды онлайн оқытуға бейімделмеген

Қазақстандағы интернет оқушыларды онлайн оқытуға бейімделмеген. Осындай дөң мәлімдеме дүңк етті кеше. Басқа басқа емес білім министрі Асхат Аймағамбетовтың аузынан шыққан сөз бұл. Апта басынан бері әлеуметтік желі біткенді мазасы қашқан ата-аналардың айқайы, әдеттен жырақ оқудың машақатына мойынұсынбай, кейбірі қиқарланып жылаған балалардың видеолары кезіп жүр. Есте болса 1 сәуірде онлайн оқыту тест тәртібінде, даярлық ретінде өткізілген болатын. Хош, сонымен дәл қазір орта білім беру саласын театрға телісек, бір актіге де жетпейтін траги-комедиялық қойылымның шымылдығы жабылды десек те болады. Бірақ бұл қашықтан оқыту болмайды деген сөз емес. Ел алдына мәлімдемемен шыққан бас мұғалім мына бір жайттың ара-жігін ашып алу қажеттігін қадап тұрып айтты. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top