Тркия мен Ресей келіссз жргізді

Наурыз айы басталғалы ақпараттық майданда қалам тербейтіндер үшін бір ғана интрига болды. Түркия Сириямен соғыса ма? Ресеймен қақтығыс бола ма? Ақпарат құралдары осындай тақырыпта көпіртіп жазып жатты. Ердоғанның Ресей қолдап отырған Сирия үкіметінің әскерлеріне соққы беруін саяси есерсоқтыққа балап жатты. Шынымен де ауқымды соғыс өрті тұтанатындай алғышарттар болды ма? Алғышарт болды. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Башар Асад әскері Ресейдің қолдауымен Сирияның Идлиб провинциясындағы оппозициялық күштерге шабуылды бастады.Нәтижесінде мыңдаған адам қаза тауып, 950 мыңдай Сириялық Түркияға қашты. Ердоған Асадқа бұл аймақтан кетуін талап етті. Талап орындалмады. Ақпан айының соңында Түркия күштері Көктемгі қалқан операциясын жариялап Сирия үкіметінің әскерлеріне соққы берді. Башар Асадтың желеп жебеушісі ресми Мәскеу. Демек режимнің армиясын тоқпақтасаң, таяқтың бір ұшы Ресейге де тиетіні анық еді #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top