ЖЕТІМНІ ЫЫН ЕШКІМ ТАПТАМАУ КЕРЕК! (ТІПТІ ТУЫСЫ ДА)

ЖЕТІМНІҢ ҚҰҚЫҒЫН ЕШКІМ ТАПТАМАУ КЕРЕК! (ТІПТІ ТУЫСЫ ДА) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылауға бүгін тағы бас қостық. Жалпы осындай заң жобаларына өзгерістер енгізу, нақтылай түсу, толықтыру бойынша бірнеше жиындар, отырыстар өтеді. Мәселен, аталған заң аясындағы әр бөлімді, әр тармақты талқылау үшін бүгін 8-ші рет жиналдық. Ондағы мақсат - баланың құқығына ерекше мән беру, оның ішінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың жағдайына айырықша көңіл бөлу. Мысалы, заңда жетім балалардың ата-ана тарапындағы туған-туыстарымен араласуын нақтылап көрсетілу қажет. Бала отбасылық қиын жағдайға түскенімен, ол ағайыннан ажырап қалмағаны жөн. Түп тамырын, ата тегін білгені жақсы. Бірақ арам пиғылмен араласып, баланы “пайдаланатын” жақын-жуықтар кездесуі мүмкін ғой?! Сондықтан осы тұста дәл кімдерге байланысуға болатынын заңмен қарастырылғаны абзал. Депутаттар үшін бұл үлкен жауапкершілігі зор іс. Өйткені бұл жерде баланың болашағы, енді қалыптасатын көзқарасы мен ұстанымы жатыр. Сондықтан заңдағы осы бір бөлім “нәзік” те күрделі: бала асырап алушы отбасында тәрбиеленді не оның ата-анасы құқығынан айырылған немесе өзі бас тартқан, бірақ онымен жақын араласуға, тілдесуге сұранатын туыстар көбейеді, міне осы жерде даулы сұрақ туындайды. Ол туыстың көздегені не, жеке құлқыны үшін қамқорлық көрсетіп жатқан жоқ па, денсаулығына не өміріне қауіп төндірсе қалай деген мың сауалдың қойылатыны рас. Ал алыс ағайын боп келетін туыс жетім балаға шын көмек бергісі келсе, оның қолын қағу керек пе? Міне, осы тұрғыдан заңда екшелеп көрсетілу керек деген ұсынысым депутаттар тарапынан қолдау тапты. Әзірге қайта талқылап, тағы да пысықтау жұмыстары жүргізіледі.
Back to Top