Бүгін Астана қаласында Ы.Алтынсарин атындағы академияның басшыларымен аты шулы Жаһандық құзырет

Бүгін Астана қаласында Ы.Алтынсарин атындағы академияның басшыларымен аты шулы “Жаһандық құзырет“, “Глобальные компетенции“ курсына қатысты, және тағы басқа әдістемелерге қатысты Ата-Аналардың атынан жанайқайымызды айтуға келдік. Сөз барысында тек арасынан теріп алып өзекті жерлерінің кейберуін ғана көтеруге мұрша болды, бірі айтылып көбі қалды. Қарапайым Абайтану сөзін абай бол, яғни “осторожно“ деп аударған гуглға айып жоқ, бірақ академия басшыларына өз сынымыз бен мінімізді айтып үлгердік. Басы даумен басталған кездесуіміздің соңында жұмыс тобы құралып, бұдан былай Ата-Аналармер біріге отырып, ақылдасып, жұмыс жасайтын болдық деген түйіндемемен тарқастық.
Back to Top